Қостанайда қираған ғимарат: Үйінді астынан 3 адам шығарылды

0
612

Қостанайда 7 адам қираған үйдің астында қалып қойған болатын.


Қостанайда қираған ғимарат: Үйінді астынан 3 адам шығарылды

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанайда газ салдарынан қираған ғимарат туралы ақпарат берді, деп жазады inform.kz.

«11 желтоқсан күні сағат 12:39-да Қостанай қаласының Амангелді кентінде газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан жүк көлігін жөндеуге арналған бір қабатты ғимараттың қирағаны туралы хабар түсті. Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болуы мүмкін», — деп жазылған ҚР ТЖМ хабарламасында.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД және жергілікті атқарушы орган күш-құралдары жұмылдырылған.

Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінді.

«Іздестіру-құтқару жұмысында үйінді астынан екі адам құтқарылды, тағы біреуі өлі күйінде табылды, оның аты-жөні анықталып жатыр. Іздеу жалғасуда. Ақпарат түсуіне қарай тағы толықтырылады», — дейді министрлік.

Бұған дейін Қостанайда 7 адам қираған үйдің астында қалып қойғаны хабарланған еді.