Қостанайда көпқабатты үйден өрт шығып, 7 адам құтқарылды

0
93

Өрт балконнан шыққан.


Қостанайда көпқабатты үйден өрт шығып, 7 адам құтқарылды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қостанайда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

ТЖМ мәліметінше, Мирошниченко көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде екінші қабаттағы балконда қоқыс өртенді.

Оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен ТЖД қызметкерлері баспалдақ арқылы 7 адамды эвакуациялады.

«Өрт шағын аумақта жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз», – делінген хабарламада.