Оқыс оқиға 4 қыркүйек күні болды.
ERNUR.KZ. Қостанайда көпқабатты үйдің лифтінде ер адам итті аяусыз ұрған, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиғаның бейнежазбасы “Теңіз” тұрғын үй кешені тұрғындарының жалпы чатына келген.
"Оқиға 4 қыркүйек күні түн ортасында болған. Кадрларда "аккумулятор сарапшысы" деген жазуы бар кеудеше киген ер адамның итті жұдырықпен ұрып, тепкілегені көрінеді", - делінген хабарламада.
Полиция аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
“Ер адамның жеке басын анықтау мақсатында шаралар қабылданып жатыр. Тексеру барысында оны жауапқа тарту мәселесі шешілетін болады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.