Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен ер адам құлап кетті

0
318

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен ер адам құлап кетті

ERNUR.KZ. Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен ер адам құлап, қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға Темірбаев көшесінде болған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келді.

«Тәуелсіздік көшесінде салынып жатқан үйдің жанында ер адамның мәйітін анықтау фактісі бойынша полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.