Қостанайда құрғақ порт бой көтереді

0
1 030

Тиісті жоба "Kostanay Invest 2023" форумында таныстырылды.


Қостанайда құрғақ порт бой көтереді

ERNUR.KZ. Құрғақ порт Қостанайдағы индустриялық аймақтың аумағында орналастырылады. Инвесторларға 157 гектар жер бөлінді, деп жазады inbusiness.kz.

Кәсіпорын директоры Айдын Әлімовтің сөзінше, қазіргі уақытта олар қаржыландыруға өтінім беру үшін кәсіпкерлікті дамыту қорына құжаттар дайындап жатыр. Жобаның серіктестері араб көлік-логистикалық компаниясы болады.

Жобаның алдын ала құны 37 млрд теңгеге бағаланып отыр. Оны іске асыру мерзімі – 2024-2026 жылдар. Порт жыл сайын 350 мыңға дейін вагонға қызмет көрсетеді деп күтілуде. Оған жүктерді қайта тиеу, сақтау, ресімдеу, шоғырландыру бойынша қызметтер кіреді.

Кәсіпорын “Солтүстік Қазақстан – Оңтүстік Орал” көлік ағындарын кеңейту бойынша жұмыс істеуді көздеп отыр.

Инвесторлар жолдардың тозуы негізгі проблемалардың бірі деп баса айтты. Айдын Әлімовтің айтуынша, компания "Қазақстан темір жолымен" Қостанай-Северный учаскесін жөндеу және жұмысын қайта бастау туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.