Оның жетеуі – бала.
ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрт кезінде 25 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі, деп жазады sputnik.kz.
Министрліктің хабарлауынша, Чкалов көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде тоңазытқыш пен кассалық аппарат жанған.
Жедел келген өрт сөндірушілер 5 шаршы метр алаңдағы өртті сөндіріп, жоғарғы қабаттардан 25 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.