Қостанайда лауазымды қызметкерлер жанармай талонын заңсыз саудалаған

0
495

Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


Қостанайда лауазымды қызметкерлер жанармай талонын заңсыз саудалаған

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысы бойынша департаменті жанар-жағармай талондарын заңсыз сату фактісін анықтады, деп жазады Stan.kz.

Агенттік мәліметінше, "Қостанай жылу-энергетика кәсіпорны" МКК механикаландыру қызметінің басшысы қызметтік бабын пайдаланып, жанар-жағармай талондарын ұрлап, жеңілдетілген бағамен әртүрлі тұлғаларға сатып жіберген.

“Бұрынғы басшы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықта 2,5 мың литрден астам АИ-92 маркалы бензинге және 100 мың литрге жуық жазғы дизель отынына талондарды ұрлап, 18,5 млн.теңге материалдық залал келтірген”, – делінген хабарламада.

Сот қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жыл шартты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды, сонымен қатар ол барлық белгіленген мерзімге пробациялық бақылауға алынды.