Қазір күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қостанайда 9 наурыз күні Амангелді көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде пышақ ұстаған ер адам екі әйелге шабуыл жасады. Олардың бірі сол жерде көз жұмды, екіншісі ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полицияның мәліметінше, ер адам шабуыл жасағанға дейін алкогольдік ішімдік ішкен. Бір уақытта 53 жастағы ер адам қолына пышақ алып, әйелдерді пышақтап тастаған. Оны жедел уәкілдер ұстады, қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Адам өлтіру және өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция сонымен қатар мессенджерлерде төрт қызды өлтірді деген болжамды қауесеттерді жоққа шығарды.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.