Қайғылы оқиға 2024 жылғы қарашада болды.
Сурет: freepik
ERNUR.KZ. Қылмыстық істі Қостанайдың №2 соты қарады. Жұмыс көлігінің жүргізушісі қауіпсіздік ережелерін бұзған, салдарынан қызметкерлердің денсаулығына орташа және ауыр зиян келіп, олардың біреуі қаза тапты, деп жазады zakon.kz.
Қайғылы оқиға 2024 жылғы қарашада болды.
Адам өліміне cебеп болған жол апатына кінәлі жүргізушінің бас бостандығы 2,5 жылға шектелді.
"С. құрастыру өндірістік-технологиялық процесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын тұлға бола отырып, қылмыстық немқұрайлылық танытып, технологиялық процестен ауытқып, "JACN200" маркалы автомобильдің беріліс қорабының тұтқасымен манипуляция жасады, бұл оның жәбірленушілер басқа көлікті құрастырып жатқан құрастыру бекетіне қарай кері қозғалуына әкеп соғады. Сотталушы ақаулы күйдегі тежегіш педальды басу арқылы көлікті тоқтатуға тырысып, алайда көлік жәбірленушілер М., Н., К. және Х.-ға соққы жасайды. Салдарынан жәбірленушілер әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді, онда Х. алған жарақаттарынан қайтыс болды", - деп хабарлады сот.
Сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген.
"Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттің, қылмыс жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот ұйымдардағы қауіпсіздік техникасына жауапты лауазымдарды 3 жылға дейін атқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. ҚК-нің 44-бабының 2-бөлігі негізінде міндеттерді жүктей отырып, пробациялық бақылау белгіленді", - делінген сот үкімінде.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.