Қостанайда өзін дәнекерлеуші ретінде таныстырған ұры ұсталды

0
146

Полицейлер бірнеше ұрлық пен бір тонау қылмысына күдікті ер адамды құрықтады.


Қостанайда өзін дәнекерлеуші ретінде таныстырған ұры ұсталды

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Тергеу деректеріне сәйкес, ол қылмыстарын әртүрлі орындарда жасаған: аялдамалардан бастап сауда бутиктеріне дейін, тіпті өзін электрик ретінде таныстырып, тұрғын үйлерге де кірген, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиғалардың бірі орталық базар маңындағы аялдамада орын алған. Автобусты күтіп тұрған қарт әйел сөмкесін орындықта қалдырған сәтте күдікті оның әмиянын жасырын ұрлап кеткен.

Басқа жағдайда ол ОӘД ғимаратындағы бутиктердің біріне кіріп, кассадағы ақшаны білдіртпей алып шыққан. Сондай-ақ күдікті көкөніс дүкенінің кассасынан 94 мың теңгені қолды қылған.

Дәнекерлеуші кейпіне енген ол қостанайлық зейнеткердің пәтеріне кіріп, қолайлы сәтті пайдаланып, оның сөмкесінен 20 мың теңгені ұрлап кеткен. Бұған қоса дүкендерде қараусыз қалған әмиян салынған сөмкелерді де жымқырған.

Күдіктінің әрекетінен келтірілген жалпы шығын 775 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта оған қатысты бірнеше рет ұрлық және тонау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.