Полиция бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қостанайда ер адамның мәйіті мен жарақат алған бала табылды. Алдын ала мәлімет бойынша қаскүнем өз-өзіне қол жұмсаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полиция не деп жатыр
Полицейлер кәмелетке толмаған баланың денсаулығына ауыр зиян келтіру және мәйіттің табылуы фактілері бойынша екі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тергеу барысына қатысты жағдайдың барлығы құпия болады», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы
Әлеуметтік желіде оқиғаның Толстой көшесіндегі үйде болғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреу пәтерге баса-көктеп кіріп, баланы ауыр жаралап, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.