Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті

0
95

Төбешіктен сырғанаған екі қыз бірнеше сағаттық айырмашылықпен ес-түссіз табылды.


Қостанайда сырғанақ кезінде бес бала ауруханаға түсті

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 22 желтоқсанда Қостанай қаласының орталығындағы мұзды төбешікте алты бала түрлі дәрежеде жарақат алған оқыс оқиға орын алды, деп жазады zakon.kz.

Қостанайлық жедел жәрдем қызметінің ақпаратынша, зардап шеккен бес бала ауруханаға жеткізілді, тағы бір бала медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, төбешіктен сырғанаған екі қыз бірнеше сағаттық айырмашылықпен ес-түссіз табылды. Медициналық топтар алғашқы көмек көрсетіп, оларды ауруханаларға жеткізді.

Дәрігерлер қысқы сырғанақ алаңдары үлкен қауіп туғызуы мүмкін екенін де еске салды. Олар ата-аналарды балаларды мұндай жерлерге қараусыз жібермеуге шақырды. Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік, ең алдымен, ересектерге жүктеледі.