Қостанайда тағы да мектептерге теракт жасау туралы хабарлама тарады

0
394

Бұған дейін 25 қаңтар күні Telegram желісінде "Конец Актобе" деп аталатын арна пайда болған еді.


Қостанайда тағы да мектептерге теракт жасау туралы хабарлама тарады

ERNUR.KZ. 6 наурызда әлеуметтік желілерде Қостанайдағы мектептерде лаңкестік әрекет болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Облыстық полиция департаменті аталған мәліметке түсініктеме берді, деп жазады stan.kz.

"Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір хабарламаның авторы анықталып жатыр. Арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды, хабарламалардың басқа жаққа өтуіне жол бермеуді және тек сенім артуды сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 25 қаңтар күні Telegram желісінде "Конец Актобе" деп аталатын арна пайда болған еді. Онда автор Ақтөбе мектептерінде қырғын жасағысы келетінін мәлімдеген. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады. Мектепте сабақ тоқтатылған жоқ.

Атырау облысында да осындай қоқан-лоқы хабарламалар түсті. Облыс әкімінің орынбасары үрейленбеуге шақырды.