Қостанайда үш жасар баланың наркоздан кейін қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

0
863

Үш жасар Әмір Қарсақ бір айдан астам уақыт комада жатты.


Қостанайда үш жасар баланың наркоздан кейін қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Қостанайда наркоздан кейін комаға түсіп, қайтыс болған үш жасар баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады stan.kz.

"Наркоздан кейін комаға түскен 3 жасар баланың өліміне қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар жүргізілуде", – дейді полиция.

Үш жасар Әмір Қарсақ бір айдан астам уақыт комада жатты. 15 желтоқсанда облыстық балалар ауруханасында тағы төрт баламен бірге наркозбен жоспарлы урологиялық операция жасалған. Бірақ олар наркоздан уақытында оянбайды. Балалардың алдымен дене қызуы көтерілген, кейінірек төрт бала есін жияды. Ал Әмір комаға түсіп, жансақтау бөліміне ауыстырылады. 21 қаңтарда әкесі ұлының жан тапсырғанын хабарлаған.