Қостанайда зейнеткер ақша үшін аяусыз соққыға жығылған

0
704

Оны мас көршісі мен бейтаныс жігіт ұрған.


Қостанайда зейнеткер ақша үшін аяусыз соққыға жығылған

ERNUR.KZ. Қостанайда 73 жастағы зейнеткер Владимир Стрельников ақша үшін есінен танғанша соққыға жығылды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 26 ақпанда кешке болған. Зейнеткердің айтуынша, оны мас көршісі мен бейтаныс жігіт ұрған.

"Валера Финкомен қарым-қатынасымыз жақсы болды. Ол кейде ішетін, онымен бірге ешқашан ішкен емеспін. Арасында ол маған мас болып келетін. Финко көрші бөлмеде тұрады, жасы шамамен 50-де. Содан кейін екіншісі келді, жасы 25-30-дарда. Финко "банк картаңды бер!" деп қорқытты. Мен берген жоқпын. Келесі күні ояндым. Есік кілттеніп тұр екен. Содан кейін олар есікті ашып, мені облыстық ауруханаға апарды. Дәрігерлер маған диагноз туралы ештеңе айтқан жоқ. Есте сақтауым қиын. Екі күн ауруханада болған сияқтымын. Олар бірдеңе жазды, не екенін білмеймін. Содан кейін мен полицияға арыз жаздым. Қабылданды. Сот болды, оларға бес күн берілді, менің ойымша, әділетсіз, мұның бәрі маскүнемдіктен!" - деп еске алады зейнеткер.

"Стрельников сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты, сондықтан келтірілген дене жарақаттарының ауырлығы ұрып-соғу санатына жатады", - деп түсіндірді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.