Қостанайда жаяу жүргіншілер жолағында қолында баласы бар әйелді көлік қағып кетті

0
545

Зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр.


Қостанайда жаяу жүргіншілер жолағында қолында баласы бар әйелді көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. 23 жастағы Changan көлігінің жүргізушісі Темірбаев көшесімен келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысына жақын маңда қолында екі жасар баласы бар әйелді қағып кетті. Зардап шеккендер қалалық және облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп жазады zakon.kz.

Оқыс оқиға 28 маусымда кешке болды, деп жазады ng.kz. Қазір жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер жансақтау бөлімінде жатыр.

Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Барлық клиникалық тексерулер, бейінді мамандардың консультациялары жүргізілді, тағайындалған ем шаралары толық көлемде жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта полицейлер жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу шараларын қолға алды.

Айта кетсек, 28 маусымда Алматы-Өскемен тас жолының 42 шақырымында жаппай жол апаты орын алды. Бес көлік зардап шекті.