Қостанайда жеке сот орындаушы ақша ұрлаған

0
770

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Қостанайда жеке сот орындаушы ақша ұрлаған

ERNUR.KZ. Қостанай облысының прокуратурасымен тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де адамдардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасы анықталды, деп жазады inform.kz.

Қостанай облысы прокуратурасы мәліметінше, бұрынғы «Н» жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды.

Бұл қаражат – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.