Қостанайда жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша кәсіп ашқысы келетін жастар саны аз

0
463

Бұл ретте алпыс бес адамның өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар.


Қостанайда жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша кәсіп ашқысы келетін жастар саны аз

ERNUR.KZ. Қостанайда жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша өз кәсібін ашқысы келетін жастар саны аз. Осы мақсатқа бөлінген ақша талапсыз қалуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда небәрі 13 өтініш қанағаттандырылды, үшеуі қаралып жатыр, ал 18 өтініш беруші құжат жинауда, деп жазады stan.kz.

Бұл ретте алпыс бес адамның өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар.

"Ауылдық жерлерде өтініш берушілердің негізгі қызметі мал шаруашылығы болғандықтан бұл салаға сұраныс көп. Жұмыспен қамту орталығы, осы жылдың шілде айынан бастап Мансап орталығында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ақбөпе Манатова.

Ақбөпе Манатова қостанайлық жастардың мемлекет ақшасын ала алмауының негізгі себептерін айтты. Басты себеп нашар несие тарихы мен кепілдік қамтамасыз ете алмауы. Жастардың жұмыс орны бойынша жағдайы тұрақты емес. Мемлекеттік жобалар аясында тәжірибесі болмаса да жас қостанайлық студенттерге арналған жұмысқа орналасатын бірқатар бағдарламалар бар.

"Жастар тәжірибесі", "Алғашқы жұмыс", "Ұрпақтар келісімі" сынды жұмыс орындарын құру жоспары жыл соңына дейін жүзеге асырылады. Аталған жобаларға жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері жіберілетіндіктен, студенттер оқуын аяқтаған соң, тамыз айынан бастап жұмысқа орналаса алады", - деді Манатова.

Сондай-ақ жиын барысында республикалық жобалар аясында қостанайлықтарды жұмысқа орналастыруы тиіс, бірақ мұны мүлде орындамаған немесе бұрын жарияланған көрсеткіштерден айтарлықтай артта қалған жұмыс берушілер де аталды.

"Қазіргі таңда көрсеткіштер орындалмаған күйде қалды. "Регалит" ЖШС бес жоба бойынша 45 жұмыс орнын, төрт жоба бойынша "Теплоэнергострой" ЖШС 24 жұмыс орнын, бір жоба бойынша "Азия" ЖШС 30 жұмыс орнын, бір жоба бойынша "Ван" ЖШС бір жұмыс орны, жоба бойынша жоспары 27, "Асыл" ЖШС бір жоба бойынша 2 жұмыс орнын ашуы тиіс болған. Бірақ бірде-бір жұмыс орны ашылған жоқ", - деді басқарма басшысы.

Бұл бағытта жұмысты күшейту, қажет болған жағдайда мансап орталығын көмекке шақыру ұсынылды. "Күміс ғасыр" жобасы мен әлеуметтік жұмыс орындарында ешқандай проблема болған жоқ. Мұнда барлық мақсаттар орындалып, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.