Қостанайдағы орман өртіне тракторшы кінәлі болып шықты

0
460

қыркүйек айының басында Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орман алқабы өртенді. Өрт 2 қыркүйекте басталып, 10 қыркүйекке дейін сөндірілді.


Қостанайдағы орман өртіне тракторшы кінәлі болып шықты

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы ірі орман өртіне 44 жастағы тракторшы Александр Рапейко кінәлі деп танылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Істі Әулиекөл аудандық соты қарады.

Сот Рапейконың тракторды жоғары қауіп көзі ретінде, ұшқын сөндіргішсіз және ақаулы цилиндрлі-поршеньді тобымен жұмыс істегенін анықтады, Салдарынан май көп мөлшерде шығындалып, газ шығатын түтікте майлы күйе түзілген.

"Кондратьев орман шаруашылығының №22 кварталына апаратын жол құмды және кедір-бұдырлы, бұл ретте далада аптап ыстық болған және екпінді құйынды жел тұрған. Алайда тракторшы табыс тапқысы келіп, ормандардағы өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін елемеген", — делінген үкімде.

Тракторшы кінәні мойындады. Прокурордың рұқсатымен іс жүргізу келісімі жасалды. Оған ешкім зиян келтірген жоқ.

Басаман орман шаруашылығының директоры Асхат Жақашевке қатысты іс әлі де тергелуде және ол тергеу изоляторында.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орман алқабы өртенді. Өрт 2 қыркүйекте басталып, 10 қыркүйекке дейін сөндірілді. Қызыл жалын 43 мың гектардан астам аумақты қамтыды. Үш елді мекенде 100-ден астам ғимарат өртенді, олардың көпшілігі – тұрғын үйлер. Құтқарушылар 2 091 адамды эвакуациялады, адам шығыны да болды.Төтенше жағдайға байланысты өңірге жұмыс сапарымен президент Қасым-Жомарт Тоқаев барды.

Қостанай облысындағы орасан зор табиғи өртке қатысы бар деген күдікпен жергілікті Орман шаруашылығы басшысына қатысты тергеу басталды, ол қамауға алынды.