Эзотерик өзінің кеңесін онлайн режимінде өткізген.
Сурет: pexels
ERNUR.KZ. Қостанайлық тұрғын жұбайының көзіне шөп салғанын біліп қойған. Дел-сал күйге түскен әйел отбасының болашақ тағдырын білу үшін тарологтың көмегіне жүгінген, деп жазады zakon.kz.
Эзотерик өзінің кеңесін онлайн режимінде өткізген. Сеанс барысында карталар келесі болжамды көрсеткен: ер адам қателігін түсініп, отбасында қалады, ерлі-зайыптылар әрі қарай бақытты өмірлерін жалғастырады. "Маман" бұл жұмысы үшін 100 мың теңге алған.
Өкінішке орай, маңдайға басқа тағдыр жазылған болып шықты. Опасыздық жасаған ер адам ақыр аяғында әйелді тастап кеткен.
Не күйеусіз не ақшасыз қалған тұрғын, тарологты сотқа беріп, қаржысын қайтармақ болған.
"Тараптардың уағдаластығына сәйкес, тиісті нәтиже болмаған жағдайда жауапкер толық соманы қайтаруы тиіс болды. Алайда таролог түрлі себептерді сылтау қылып, қаражатты қайтармаған". Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина
Нәтижесінде, заң әйелді қорғады. Таролог қаражатты қайтаруға міндеттелді және үкім заңды күшіне енді.