Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына айыпталушылар 8 жылға сотталмақ

0
242

Қайғылы оқиға 2023 жылдың қазан айында болған еді.


Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына айыпталушылар 8 жылға сотталмақ

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Қарағандыда Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына қатысты сот отырысы басталды, деп жазады stan.kz.

Тергеу деректері бойынша, шахта директоры қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеген. Шахта желдетілмей, нәтижесінде көмір шаңы мен метан көп жиналған. Өрттің өзі конвейердегі механикалық үйкелістің ұшқынынан шыққан.

Айыпталушы жарамсыз құрал-жабдықтарды сатып алған. Оны сертификатталған шеберлердің орнына шахтерлер уақытша әдіспен орнатқан. Көмір өндіру жоспары нормадан артығымен орындалған.

Қайғылы оқиға 2023 жылдың қазан айында болған еді. Алдымен жер астында өрт шығып, кейін жарылыс болды. Соққы толқыны 6 шақырымға жеткен.

Қылмыстық істі зерттеп-қарау бір жарым жылға созылды. 10 адам айыпталар қатарында. Шахтаның бұрынғы басшылығының әрекеті "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша қарастырылып жатыр.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, өрт сөндіруді кеншілер өздігімен жүргізген.