ҚПЛ командасы еуропалық футболшыны қатарына қосты

0
471

Демир Имери - әмбебап футболшы. Ол алаңның ортасында бірнеше позицияда ойнай алады.


ҚПЛ командасы еуропалық футболшыны қатарына қосты

ERNUR.KZ. Жартылай қорғаушы Демир Имери еркін агент ретінде "Атырау" командасына ауысты, деп жазады vesti.kz.

"Мұнайшылардың" сапына ауысарға дейін 26 жастағы Имери албаниялық "КФ Эгнатия" командасында ойнаған. Оған дейін жартылай қорғаушы "Работнички" және "Шкендия" (екеуі де Македония), "Олимпик" (Украина) және "Влазния" (Албания) секілді командалардың намысын қорғаған.

Демир Имери - әмбебап футболшы. Ол алаңның ортасында бірнеше позицияда ойнай алады.

Имери Македония жастар құрамасы сапында 7 кездесу өткізген.

"Атырау" сапында ол 9 нөмірмен өнер көрсететін болды.