ҚР АШМ: Ет өңдеушілердің мәселесі назардан тыс қалмайды

0
855

Жиында «Кублей», «KazBeef LTD», «Бижан», «Қазмяспродукт», «Beefstream», «Импаер фуд», «Мерке-ет», «Meat Processing and Service» ЖШС және т.б. Қазақстанның танымал ірі ет өңдеу кәсіпорын басшылары қатысты.


ҚР АШМ: Ет өңдеушілердің мәселесі назардан тыс қалмайды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров етті қайта өңдеуші кәсіпорындарын толғандырған түйіткілді мәселелерді тыңдау үшін кезекті сенбілік кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында «Кублей», «KazBeef LTD», «Бижан», «Қазмяспродукт», «Beefstream», «Импаер фуд», «Мерке-ет», «Meat Processing and Service» ЖШС және т.б. Қазақстанның танымал ірі ет өңдеу кәсіпорын басшылары қатысты.

Кездесу барысында ҚР АШМ өкілдері мен кәсіпкерлер аталмыш саладағы өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады.



Қайта өңдеу кәсіпорын басшылары қаражатының және қайта өңдеу шикізатының жетіспеушілігін айтты. Бұл мәселелер өзара байланысты: ақша жоқ = шикізат жоқ. Және керісінше. Салдарынан кәсіпорындар жеткіліксіз жүктелмеген. Сала бойынша орташа алғанда, бүгінгі күні кәсіпорындардың жүктемесі 30-40% құрайды. Сонымен қатар, Қазақстаннан Өзбекстандың кәсіпкерлердің тірі малды жаппай сатып алуы қиындық туғызуда. Себебі олар табиға таза қазақстандық етті алып, өз елдерінде қайта өңдеп, шет елдерге Өзбекстандық тауар ретінде тасымалдауда.
Сондай-ақ, ет өңдеушілерді тағы да бір мәселе толғандырады. Ол «аулада сойылатын мал». Кәсіпкерлердің пікірінше бұл стратегиялық маңызды әрі бұл жайтты мемлекет назарына алуы тиіс.
Себебі ет «аулада» сойылып, ұсақ сатып алушыларға сатылады. Бұл болмашы нәрсе болса да, ет өнімдерінің көлеңкелі нарығы ресми деңгейден бірнеше есе асып түседі. Бұдан басқа, бұл құбылыс ет өңдейтін кәсіпорындарға күшті бәсекелестікті құрауда екен. Сонымен қатар, қауіп-қатерлер аз емес: сойылған мал мен сатылған ет саны туралы деректердің болмауы, ресми статистиканы қалыптастырудағы проблемалар, салық төлемеуі, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақтамау және т. б.
Көтерілген мәселелердің көпшілігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдерінің жағынан қолдау тапты. Сапархан Омаров отырыс қорытындысы бойынша ҚР АШМ салалық департаментіне бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, көтерілген мәселелерді шешу бойынша жұмыс тобын ұйымдастыру, технологиялар мен өнімдері қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ет өңдеушілер тізімін жасау және айналым қаражатын толықтыру үшін оларды қаржыландыру мүмкіндіктерін ойластыру. Сонымен қатар, «аулада мал сою» мәселесіне қатысты шараларды ойластыруға тапсырма берді. Сондай-ақ, Сапархан Омаров жоғарыда аталған жұмыс тобының қызметі шеңберінде қордаланған мәселелерді шешу үшін сала өкілдері белсенділік танытып, күш салуы тиіс.

Еске салсақ, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешен мен тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кездесуден кейін осы саладағы проблемалық мәселелерді анықтап әрі толық зерделеу мақсатында әр апта сайын салалық қауымдастықтармен және ірі өңдеуші кәсіпорындармен кездесулер ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған болатын. Келелі кездесулер үшін әр аптаның сенбісі таңдалды.

Өткен жылы ведомство басшысы Қазақстанның астық өңдеушілер және нан пісірушілер Одағының, қой шаруашылығы бойынша Республикалық палатаның, кредиттік серіктестіктер қауымдастығының, Қазақстанның қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының, Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағының мүшелерімен кездесті. Әрбір кездесудің қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу үшін нақты жүйелі шаралар жасалды.