ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері тағайындалды

0
1 373

1982 жылы Түркістан облысындағы Леңгір қаласында дүниеге келген.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері тағайындалды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Жылқыбаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне, Ақмәди Сарбасов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ердан Жұматұлы 1982 жылы Түркістан облысындағы Леңгір қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан университетін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика департаментінің бас маманы болып бастаған.

Түрлі жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан 2019 жылдың наурызы аралығында Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымын атқарған. Биылғы 26 наурыздан бастап қазірге дейін - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Ақмәди Әділұлы 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Еуразия гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Түрлі жылдары ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеген. 2017 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы - ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы лауазымын атқарды.