ҚТЖ – "Самұрық-Қазына" қорының портфельдік компаниясы.
ERNUR.KZ. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы орталық аппарат құрылымындағы өзгеріс туралы хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Жаңа құрылым мынадай:
- Қанат Әлмағамбетов басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды;
- Әнуар Ахметжанов басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды;
- қаржы жөніндегі басқарушы директордың м.а. - Даир Көшеров;
- логистика жөніндегі басқарушы директордың м.а. - Ерлан Қойшыбаев;
- жаңа жобалар бойынша басқарушы директордың м.а. - Ерсайын Нағаспаев;
- өндірістік үдерістер жөніндегі басқарушы директордың м.а. - Бауыржан Орынбасаров;
- аппарат басшысының міндетін атқарушы болып Серік Кеулімжаев тағайындалды.
ҚТЖ – "Самұрық-Қазына" қорының портфельдік компаниясы.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда өткен бизнес өкілдерімен кездесуде "Самұрық-Қазына" қорының мемлекеттік сатып алуларына ерекше назар аударуды тапсырған болатын.