"Құлағы бітеліп қалды": Павлодардағы жылу электр орталығында төтенше жағдай болды

0
91

Бысшылардың бірінің есту қабілеті нашарлаған, екіншісі тобық тұсының ауырғанына шағымданған.


фото: Пресс-служба акима Павлодарской области/Валерий Бугаев

ERNUR.KZ. Павлодардағы №2 жылу электр орталығында төтенше жағдай болды: екі адам медициналық көмекке жүгінді, деп жазады sputnik.kz.

"Павлодар ЖЭО-2-де №5 қазандық агрегатында іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде құбыр желісі зақымдалып, қысқа уақытқа акустикалық әсер (қатты дыбыс) пайда болды", – деп хабарлады компания өкілдері.

Оқиға болған кезде №4 қазандық агрегатында мердігер ұйымның қызметкерлері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Жұмысшылардың бірі құлағының бітеліп қалғанын және есту қабілетінің уақытша нашарлағанын айтса, екіншісі тобық тұсының ауырғанына шағымданған.
Медициналық мекемеде тексеруден өткеннен кейін жұмысшылар үйіне жіберілді.
Ал облыстық еңбек инспекциясы жұмысшылар тарапынан шағым түспегенін мәлімдеді. Себебі олардың алған жарақаттары ауыр болмаған.