Құлағы естімейтін такси жүргізушісін мазақтаған блогер көптің сынына қалды

0
110

​Ол видеоны парақшасынан өшірген


Құлағы естімейтін такси жүргізушісін мазақтаған блогер көптің сынына қалды

Фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Нұрила Аманбаева есімді блогер құлағының мүкісі бар такси жүргізушісін мазақтап, видео түсірген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әлеуметтік желі қолданушыларының сын-ескертпелерінен кейін блогер бейнематериалды өшіріп, кешірім сұраған. Бірақ видео кадрлары желіде тарап үлгерді.

Бейнежазбада ол кішкентай баласына «саған айғайлап, шулауға жалғыз мүмкіндік туды» деп айтып, кейін өзі ән шырқап, жүргізушіні рұқсатсыз камераға түсірген. Видеоға «Құлағы нашар еститін таксиге отырғанда» деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары блогердің әрекетін мүгедектігі бар адамды кемсіту деп бағалап, сынға алды.