Құрлық әскерлері Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді

0
391

14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында далалық оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші қаруды қолдану ережелерін бұзу салдарынан өмірге қауіпті жарақат алып, қаза тапқан.


Құрлық әскерлері Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында далалық оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші қаруды қолдану ережелерін бұзу салдарынан өмірге қауіпті жарақат алып, қаза тапқан.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы жетекшілік ететін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр", – делінген таратылған хабарламада.

Сарбаз қызмет барысында өзін жақсы жағынан көрсеткені айтылған. Бөлімше басшылығына шағымдар немесе өтініштер түспеген. Қызметтік міндеттерін толық көлемде орындаған.

"Біз ата-анасының қайғысын түсінеміз және орны толмас қазаны бөлісеміз. Әрбір командир үшін сарбаздың қаза табуы – үлкен қайғы. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы сарбаздың туыстары мен жақындарына көңіл айтады және қажетті көмектің барлығы көрсетіледі", – деп толықтырды қолбасшылық.