Құрылыс кодексі: тұрғын үйлерге қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі ұзартылады

0
322

Бүгінде тұрғын үйді салған құрылыс компаниялары екі жыл бойы сол үйге қызмет көрсетіп, сан алуан кемшіліктерді жоюға міндетті.


Құрылыс кодексі: тұрғын үйлерге қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі ұзартылады

фото: сайт акимата Нур-Султана / Александр Куприенко

ERNUR.KZ. Жаңа құрылыс кодексі аясында құрылыс компаниялары салған тұрғын үйлерге қызмет көрсетудің кепілдік мерзімі ұзартылады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде тұрғын үйді салған құрылыс компаниялары екі жыл бойы сол үйге қызмет көрсетіп, сан алуан кемшіліктерді жоюға міндетті. Оны “кепілдік мерзімі” деп атайды.
"Бірақ бізде құрылыстың сапасы сын көтермейді. Кей кезде екі жылдан кейін күрделі жөндеуді қажет ететін шаралар да болады. Ондайда құрылыс компаниясын жауапқа тарту қиын. Себебі кепілдік мерзімі өтіп кеткен. Ал жаңа құрылыс кодексінің аясында біз ол кепілдік мерзімін екі жылдан бес жылға дейін ұзартып отырмыз" , – деді Қажкенов мәжілістегі отырыста.
Айта кетері, бүгін Құрылыс кодексі мәжілістің жұмыс тобында талқыланды.