«Қылмыстық ортада бедел жинау үшін»: Ақтөбеде пойыз бастығын темекі бермегені үшін пышақтап өлтірді

0
113

​Қанды оқиғаны Полиция департаменті растады.


«Қылмыстық ортада бедел жинау үшін»: Ақтөбеде пойыз бастығын темекі бермегені үшін пышақтап өлтірді

Фото: Instagram/aqtobe_sergek

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласының теміржол вокзалы алдындағы алаңда 8 тамыз күні таңғы сағат 5:00-де қанды қылмыс жасалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Пышақ жарақатынан қаза тапты

Желіде тараған мәлімет бойынша, 28 жастағы ақтөбелік пробациялық бақылауда жүрген. Ол көшеде кетіп бара жатқан 47 жастағы пойыз бастығына жолығып, темекі сұраған. Ер адам бас тартқан соң, оған алты рет пышақ сұққан.

Қанды оқиға бейнебақылау камерасының дәл жанында болған. Қылмысынан кейін күдікті пышағын сүртіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні қысқа уақыт ішінде қолға түсірді.

Қылмыстың ықтимал себебі

Тергеу дерегінше, қылмыс кездейсоқ таңдалған адамға жасалған болуы мүмкін. Негізгі нұсқалардың бірі – күдіктінің қылмыстық ортада «бедел» жинау мақсаты.

Белгілі болғандай, кісі өлтіруге дейін сот оның пробациялық бақылауын бұзуына байланысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, колонияға жіберу туралы шешім шығарған.

Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаментінің басшысы агенттік тілшісіне ресми пікір білдірді.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, жан-жақты және толық тергеу жүргізу мақсатында қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – дейді облыстық ПД.