Алдын ала болжам бойынша, А. Шерматов өзіне-өзі қол салған болуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Қырғызстанда мерт болған қазақстандық Атанұх Шерматовтың денесі туғандарына жеткізілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Астана өткен брифингте мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Өткен аптада Қырғызстанда автокөлік ішінен жас жігіттің мәйіті табылды. Кейінірек оның Қазақстан азаматы екені анықталды. Мәйіт туыстарына жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, А. Шерматов өзіне-өзі қол салған болуы мүмкін. Себебі мәйіт жанынан оқ атылған тапанша табылды», - деді Айбек Смадияров.
Еске сала кетсек, 2019 жылдың 25 ақпанында Қырғызстанның Шу облысынан атыс қаруынан мерт болған Қазақстан азаматының мәйіті табылды. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, автокөлікті тексеру кезінде iPhone 6 телефоны, құжаттар, арақ шөлмегі мен темекі табылды. Ер адамның самай тұсына оқ атылған. Сондай-ақ оның қолында Макаров тапаншасы болған.