Қыркүйекте пәтер бағасы арзандауы мүмкін – вице-министр

0
392

​Бүгінде елімізде тұрғын үйдің бағасы тұрақталған.


Қыркүйекте пәтер бағасы арзандауы мүмкін – вице-министр

ERNUR.KZ. Қыркүйекте үйдің бағасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ол Қазақстанда пәтер бағасы бақылауда екенін атап өтті.

«Биыл қаңтарда жаңа салынған үйдің бағасы 3-8%-ға өссе, бұрын салынған үйлердің 2,7%-ға көтерілді. Маусымда бұрын салынған үйлердің бағасы 1-2%, ал жаңа салынған үйің бағасы 0,9%-ға өсті»,– деді министрдің орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде елімізде пәтер бағасы тұрақталған.

«Жыл басында үйдің бағасы күрт көтерілген кезде маусым-шілдеде баға тұрақталатынын айтқан едік. Зейнетақы жинағындағы ақшаны алуға берілген мүмкіндік пәтерге деген жоғары сұранысты қалыптастырды. Менің ойымша, маусым-шілдеде үйдің бағасы тұрақталғанын көріп отырмыз. Қыркүйекте үйдің бағасы төмендеуі мүмкін деп ойлаймын», – деп түйіндеді сөзін Қайырбек Өскенбаев.