Қытай банкі Қазақстан даму банкі үшін несиелік лимитті арттырды

0
500

Сианьда өтіп жатқан Қазақстан Қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде "Бәйтерек" холдингінің басшысы Қанат Шарлапаев мәлім етті.


Қытай банкі Қазақстан даму банкі үшін несиелік лимитті арттырды

ERNUR.KZ. Қытай банкі Қазақстан даму банкі үшін несиелік лимитті 300 млн долларға арттырды, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл туралы Сианьда өтіп жатқан Қазақстан Қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде "Бәйтерек" холдингінің басшысы Қанат Шарлапаев мәлім етті.

"Біршама құжатқа қол қойылды. Бірақ мен оның ішінде Қытай Мемлекеттік даму банкінің Қазақстан даму банкі үшін несиелік лимитті 300 млн долларға арттырды. Бұл екіжақты сенім барын көрсетеді. Қытай мемлекеттік даму банкі Қазақстан даму банкінің ұзақ мерзімді серіктесі", - дейді Шарлапаев.

Айта кетейік, бұған дейін Сианьдағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығы ашылғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Қазақстанда қант өндірісін дамытуға Қытай кәсіпкерлері шақырылды.