ERNUR.KZ. Елорда маңындағы Қосшы қаласының тұрғыны Қытайдан арзан тауар жеткізіп беремін деп 67 миллион теңгені қолды еткен, деп жазады Stan.kz.
Астана және Қосшы қалаларының аумағында тұратын әйел адам Қытайдан арзан тауарларды (тұтыну тауарларын) жеткіземін деген сылтаумен 33 азаматтың 67 миллион астам қаражатын иемденді.
Атап айтқанда, 2023 жылдың қыркүйегінде көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында азаматша, WhatsApp мессенджерінде топтар құрып, тауарларды нарықтағы төмен бағамен жарнамалайды. Қаражатты алғаннан кейін әйел өз міндеттерін орындамай, алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қосшы қалалық сотының үкімімен азаматша 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды онлайн транзакциялар жасау кезінде мұқият болуға шақырды.