Қытайдың ірі зауыты Ақмола облысында бидай өңдейтін зауыт салады

0
205

Қытай зауытын әкелу арқылы өнімнің өзіндік құнын арттырып, өңдеу саласын дамыту көзделген.


Қытайдың ірі зауыты Ақмола облысында бидай өңдейтін зауыт салады

фото:Агропортал

ERNUR.KZ. Биоөнімдерді шығаратын Қытайдың ірі Fufeng Group компаниясы Ақмола облысында дәнді-дақылдарды өңдейтін зауыт салады. Астанада өтіп жатқан инвест-форумда бұл жайлы Сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

Оспанқұловтың айтуынша, Қытай зауытын әкелу арқылы өнімнің өзіндік құнын арттырып, өңдеу саласын дамыту көзделген. Бидайды терең өңдеу жөнінде келісімге бүгін қол қойылғалы отыр.

Аталған компания әлемнің 115 елінде сатылатын биоферментация және азық-түлік өндірісі саласындағы жаһандық көшбасшы. Компания сонымен қатар астықты терең өңдеуде және ксантан сағызын, натрий глутаматын, аминқышқылдарының кейбір түрлерін және басқа да астықты терең өңдеу өнімдерін өндіреді. Компанияның кірісі 2022 жылы €4 млрд құраған.