Қыз алып қашпақ болғандарды куәгерлер видеоға түсіріп алды

0
633

​Полиция қызметкерлері жас жігіт пен бойжеткен жарты жылдан бері кездесіп жүргенін анықтады.


Қыз алып қашпақ болғандарды куәгерлер видеоға түсіріп алды

итллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде бірнеше жігіттің қызды көлікке күштеп мінгізіп жатқаны жайлы видео тарады. Бойжеткен қарсылық көрсетіп, қатты айқайлап, көмек сұраған, деп жазады Sputnik.

Пост авторы видео Жамбыл облысының Шу қаласындағы теміржол бекетінде түсірілгенін жазған. Қызды үйлену мақсатында алып қашпақ болған деген болжам бар.
Шу ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бұл видеоға қатысты анықтама жұмыстарын жүргізген.
"Мән-жайды анықтау және түсініктеме алу үшін қыз бен жігітті аудандық полиция бөліміне шақырдық. Олар бірге жұмыс істейтінін және алты айдан бері кездесіп жүргендерін айтты. Бойжеткен Шуға жігіттің ата-анасымен танысуға бармақ болған. Ал ер жігіт бірден беташар жасауды көздеген, ал "қалыңдық" отбасын құруға дайын болмаған", - деп жазылған полиция түсініктемесінде.
Бойжеткен жас жігітке шағымданудан бас тартқан. Полицияның мәліметінше, олар енді қыздың ата-анасының үйіне барып, қазақ дәстүрімен ата-ананың батасын алуға ниеттеніп отыр.