"Қыз себеп болған": Теміртауда ер адамның соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады

0
840

Екі ер адамның арасында төбелес кафелердің бірінде болған.


ERNUR.KZ. Теміртауда дүкендердің бірінің бейнебақылау камерасына белгісіз біреулердің ер адамды ұрып-соққан сәті түсіп қалған, деп жазады Tengrinews.kz.

22 маусым күні Теміртаудағы кафелердің бірінде екі ер адамның арасында төбелес болған. Куәгерлердің айтуынша, қақтығысқа кафеде болған қыз себеп болған. Зардап шеккен ер адамдардың бірі оны келушілерден қорғауға тырысқпан, салдарынан көптеген жарақат алған.




Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімтеінше, екі ер адам зардап шеккен. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Күдіктілерді ұстады. Төбелестің нақты себебін тергеуші анықтайды.


"22 маусымда сағат 18.00-де Теміртау қаласының полиция басқармасына Бейбітшілік даңғылы ауданында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полиция қызметкерлері дүкендердің бірінің жанында 34 жастағы және 35 жастағы ер адамның түрлі ауыр дене жарақатын алғанын көрген. Жәбірленушілер жедел жәрдем бригадасымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Күдіктілер ұсталды. Бұл жағдай ҚК 293-бабының 2-бөлімі бойынша жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полицейлер.