Қызметте қаза болған әскериге қанша өтемақы тағайындалады?

0
1 149

​ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Министрлігі әскери қызметте жазатайым қайтыс болған қызметкердің отбасы қанша көлемде өтемақы алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды inform.kz сайты.


Қызметте қаза болған әскериге қанша өтемақы тағайындалады?

фото: asker.kz

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Министрлігі әскери қызметте жазатайым қайтыс болған қызметкердің отбасы қанша көлемде өтемақы алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды inform.kz сайты.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51 бабына сәйкес әскери қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда соңғы қайтыс болар (қаза болар) күні атқарған лауазымына сәйкес 5 жылдық ақшалай өтемақы көлемінде бір реттік өтемақы төлеу қарастырылған», - дейді аталмыш басылым.

Еске сала кетерлігі, 15 қаңтар күні Қызылорда облысында келісімшартпен жұмыс жасап жүрген жігітті 900 келілік су бөшкесі басып қалған. Жігіттің мезгілсіз қазасын оның әпкесі өзінің Facebook-тағы парақшасында жариялап, кейіннен өшіріп тастаған.