Қызылқоғада 25 жастағы ұлына араша түскен әке баласымен жасты жігіттің құлағын кесіп алған

0
205

​Әкенің жасы елуге таяған.


Қызылқоғада 25 жастағы ұлына араша түскен әке баласымен жасты жігіттің құлағын кесіп алған

Фото: жасанды интеллект

ERNUR.KZ. Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылында 25 және 24 жастағы екі жігіт төбелес шығарған. 25 жастағы ұлына араша түскен 49 жастағы ер адам 24-тегі дардай жігіттің құлағын кесіп алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ақжайық» басылымының жазуынша, полиция осы фактіге қатысты «денсаулығына қасақана орташа ауыр зиян тигізу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Тергеудің ақпаратына сүйенсек, күдікті болып оытрған ер адам 25 жастағы ұлын қорғаған. Төбелес кезінде байқамай 24 жастағы жігіттің сол жақ құлағын пышақпен тіліп жіберген. Құлағы жараланған жігітті ауруханаға достары әкелген көрінеді.