Өрт базар аумағында орналасқан асханадан басталған.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде базарда шыққан өрт 2 мыңнан астам шаршы метр аумақты шарпыды, деп жазады ҚазАқпарат.
Өрт бүгін «Ер-Нұр» базары аумағында орналасқан «Нұр» асханасында басталған. Жалын одан кейін асханаға жақын аумақтағы «Орынай», «Ақбота», «Арзан» сауда үйлері мен шаруашылық заттарын сататын «Баянсұлу» және екі азық-түлік дүкенін шарпыды.
«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 33 маманы 3 техникамен барды. Сондай-ақ өзге де сала мамандары келді. Жарақат алған және қаза болғандар жоқ. Өрттің шығуына басты себеп ретінде электр жүйесінің қысқа тұйықталуы қарастылып отыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.