Қызылорда облысында киберқылмыстық топ мүшелері ұсталды

0
228

Жоба аясында жасанды интеллект мүмкіндіктерімен 496 қылмыстық іс бойынша 689 ұялы телефон нөмірлері тексерілді.


Қызылорда облысында киберқылмыстық топ мүшелері ұсталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысының прокуратурасымен жасанды интеллект мүмкіндіктерін сот-тергеу тәжірибесінде қолдану бағытында «IT ТERGEU» жобасы жүзеге асырылуда, деп жазады baq.kz.

Облыстағы интернет алаяқтық қылмыстарды дер кезінде ашу мен сапалы тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін үстіміздегі жылдың 19 шілдесінде «Киберпол» тобы құрылып, құрамына тәжірибелі прокурорлар мен полиция қызметкерлері енгізілді.

Жоба аясында жасанды интеллект мүмкіндіктерімен 496 қылмыстық іс бойынша 689 ұялы телефон нөмірлері тексерілді. Нәтижесімен 200 млн теңгеден астам залал келтірген 134 қылмыс дерегі ашылып, 62 қылмыскер ұсталды.

Бұдан бөлек 51 хабар-ошарсыз жоғалғандар тәулік ішінде табылды.

Жыл басынан бері 772 алаяқтық қылмыстар тіркеліп, 375 сотқа жолданды.

Бүгінгі таңда алаяқтықпен келтірілген залал бойынша жалпы 439 млн теңге тергеп-тексеру сатысында өндірілген.

Сондай-ақ «IT ТERGEU» жобасы аясында 2024 жылдың тамыз, қыркүйек айларында Қызылорда қаласының тұрғындарын интернет ресурстарын пайдаланумен 45 млн теңге қаражатты алаяқтық тәсілмен жымқырды деп күдіктелген киберқылмыстық топ мүшелері Орал қаласында ұсталды.

Қызылорда облысының прокуратурасы интернет ресурстарда келісім жасасу барысында мұқият болуға шақырады.