Қызылорда облысының аудандық ауруханасында қайтарылған активтер есебінен инфекциялық бөлімше салынды

0
96

Қызылорда облысының Арал ауданында көпбейінді аудандық орталық ауруханада 25 төсек-орындық инфекциялық бөлімше ашылды.


Қызылорда облысының аудандық ауруханасында қайтарылған активтер есебінен инфекциялық бөлімше салынды

ERNUR.KZ. Жаңа бөлімше жіті инфекциялық аурулар кезінде ересектер мен балаларға жедел медициналық көмек көрсетуге, ерте анықтау және емдеуді бастау арқылы аурудың асқынуы мен ауыр ағымының қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Инфекциялық бөлімшенің құрылысы 2,3 млрд теңге сомаға қайтарылған активтердің есебінен қаржыландырылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде аудандық ауруханада кардиологиялық және инсульттік бөлімшелерді орналастырумен қосымша құрылыс аяқталды. Осы мақсаттарға қайтарылған активтер есебінен 2,1 млрд теңге бөлінді.

Соңғы жылдары ауруханаға 206 млн теңгеге медициналық жабдық сатып алынды, бұл материалдық-техникалық базаны айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді. Енді аудан тұрғындары облыс орталығына немесе басқа қалаларға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған медициналық көмек ала алады.

Соңғы үш жылда Қызылорда облысының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 450,1 млрд теңге жұмсалды, бұл халықты толғандыратын өзекті мәселелерді дәйекті түрде шешуге мүмкіндік береді.