Қызылордада 21 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыздың некесін қиған имамға сөгіс жарияланды

0
101

Ата-аналарының рұқсатымен отау көтерген жұптың некесін имам қиған.


Қызылордада 21 жастағы жігіт пен 15 жастағы қыздың некесін қиған имамға сөгіс жарияланды

Фото: muftyat.kz

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында 15 жастағы қыз бен 21 жастағы жігіттің некесін қиған имам жазаға тартылды, деп жазады inform.kz.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен жылы бұған байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен жігіт 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ата-аналарының рұқсатымен отау көтерген жұптың некесін имам қиған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамы Дастан Құрманбаев бұған қатысты түсініктеме берді.
- Бұл жағдайды ақтауға болмайды. Имам еліміздің заңын да, Қазақстандағы барлық дін қызметкеріне міндетті жарғыны да бұзды. Оған сөгіс жарияланды. Алдағы уақытта ол тарапынан қандай да бір заңбұзушылық болса, имам діни қызметтен шеттетіледі, – деді Дастан Құрманбаев.