Қызылордада 42500 теңгені талап еткен әйел жазаланды

0
788

27 жастағы қала тұрғыны карантин режимінің талаптарын сақтамай, полицияның ескертулеріне мүлдем құлақ аспаған.


Қызылордада 42500 теңгені талап еткен әйел жазаланды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласының тұрғынына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп жазады Stan.kz.

13 сәуірде Nur Otan партиясының облыстық филиалының ғимаратына бірнеше адам жиналған. Олар әлеуметтік көмек тағайындалғандар тізімінде бар ма, жоқ па екенін білуге келген.

Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен прокуратура қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жиналған адамдар тарай бастаған.

Алайда 27 жастағы қала тұрғыны карантин режимінің талаптарын сақтамай, полицияның ескертулеріне мүлдем құлақ аспаған. Осыған байланысты ӘҚБтК - нің "Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оған 10 АЕК (27 780 теңге) көлемінде айыппұл салды.