Қызылордада адам шошырлық оқиға: ер адам әйелін ұрып өлтірді

0
148

​Оқиға 12 қаңтарда болғаны анықталды.


Қызылордада адам шошырлық оқиға: ер адам әйелін ұрып өлтірді

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қызылордада жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам өзінің әйелін ұрып өлтірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Shyndyk.kz Telegram каналының мәліметінше, қайғылы оқиға 12 қаңтарда болған. Бұл ақпаратты Қызылорда қалалық ДП өкілдері растады.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады департамент.

Тәртіп сақшылары барлық мән-жайды анықтауда. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.