Қызылордада атышулы шыны зауыты алғашқы өнімін шығарды

0
785

Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп, шыны шығарады.


Қызылордада атышулы шыны зауыты алғашқы өнімін шығарды

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласындағы шыны зауыты өнімнің алғашқы партиясын шығарды. Оны өз елімізде және шетелде сатып алуға дайын, деп жазады sputnik.kz.

"Аймақта құрылысы аяқталған шыны зауытында күйдіру пешінің температурасы қажетті деңгейге жетті. Биыл 9 қазанда алғашқы сынақ өнімі шығарылды", - дейді Қызылорда облыстық әкімдіктің мамандары.

Сынақ сәтті өтті. Енді, зауыт штаттық режимде жұмыс істеп, шыны шығарады.

"Зауыттың жанынан 8 ілеспе өндіріс ашылады. Осылайша, шыныдан бөлек, шыныталшық, композиттік материалдар, айна және тағы басқа өнім түрлері жасалады", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде шетелден тапсырыстар түсіп жатыр. Атап айтқанда, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Ауғанстан мен Үндістан қазақстандық шыны өнімдерін сатып алуға дайын. Алайда шетелге барлық өнімнің тек 30 проценті ғана сатылады. Негізгі міндет – ішкі нарықты қамтамасыз ету. Қазіргі кезде Қазақстанға сырттан әкелінетін шынының орташа бағасы 300-350 доллар, ал Қызылордада жасалатын шынының бір тоннасы 200-250 доллар тұрады.
Айта кетері, зауыт жылына 600 тонна өнім шығара алады. Жобаның операторы - "Orda Glass ltd" ЖШС. Оны 2015 жылы арнайы шыны зауытын аяқтау үшін құрған болатын. Зауыттың жалпы құны – шамамен 150 миллион доллар.
Бас кезінде зауыттың құрылысы ТОО ARP company, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ мен Stewart Engineers (США) компаниясының қатысуымен басталған. Алайда ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев пара алғаны үшін ұсталғаннан кейін барлық жұмыс тоқтап қалды. Жобаның акционерлері одан шыға бастады.
2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу басталғанын мәлімдеген болатын. 2017 жылдың қаңтар айында бұрынғы министр пара алды деген күдікпен ұсталды. 13 қаңтарда тұтқындалды.
2018 жылы наурыз айында Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ірі көлемде пара алғаны, сондай-ақ, бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталған еді.
Тергеу материалдарына сәйкес, Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына жауапты болған. Сол кезде оның інісі Сұлтан Нұрлыбек 2 миллион доллар көлемінде пара алуға делдалдық жасаған.
Соттың шешімі бойынша Бишімбаев мемлекеттік қызметте басшылық қызмет атқара алмайды. Аппеляциялық сот оның үкімін өзгеріссіз қалдырған болатын. Артынан жазасы жеңіл жазаға ауыстырылды. Ал 2019 жылдың 11 қазанында Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты.