​Қызылордада бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы 8 сағаттан кейін табылды

0
85

Іздестіру тобы жоғалғандарды 8 сағаттан кейін айдаладан тапты.


​Қызылордада бортында 3 адам бар АН-2 ұшағы 8 сағаттан кейін табылды

Фото: видеодан алынды

ERNUR.KZ. Кеше Төтенше жағдайлар министрлігінің кезекші бөліміне Қызылорда облысында АН-2 ұшағының мәжбүрлі түрде қонғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады inform.kz.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Таң-Құмкөл бағытында ұшқан ұшақтың бортында 3 адам бар екен.

- Олардың қайда екені белгісіз еді. Байланыс орнату мүмкін болмады. Жедел іздестіруге Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерінің күш-құралдары тартылды. Сонымен қатар ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Іздестіру тобы жоғалғандарды 8 сағаттан кейін айдаладан тауып, Сырдария ауданының Тереңөзек кентіне жеткізді. Олар медициналық көмекті қажет етпеген.