Қызылордада ер адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

0
2 015

​Ішімдік ішкен екеу жанжалдасып, күдікті танысының аяғына пышақ жарақатын салған.


Қызылордада ер адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Қызылордада алкогольдік ішімдікті асыра сілтеу салдарынан бөтелкелесіне пышақ сермеген азамат ұсталды, деп жазады Polisia.kz.

Алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдалану азаматтарға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаудың басты себептерінің бірі болып табылады. Есін жиған қылмыскерге жасаған қылмысының себебін түсіндіру қиынға соғуы әбден мүмкін.

29 наурызда Қызылорда қаласындағы жеке үйлердің бірінде облыс орталығының екі тұрғынының спирттік ішімдікті мөлшерден тыс пайдалануы қайғылы жағдайға әкеп соқтырды. Ішімдік ішкен екеу жанжалдасып, мастық салдарынан күдікті азамат танысының аяғына пышақ жарақатын салған. Алған жарақаты салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.

Күдіктіні полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстап, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізді. Тергеу барысында оның бұрын сотталған, қаланың жұмыссыз тұрғыны екені анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда. Сот сараптамалары тағайындалды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстың осы түрін жасағаны үшін сот шешімімен сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.