Қызылордада ішімдік ішкен әйел мектепте шу шығарған

0
2 483

Тексеру барысында 42 жастағы әйелдің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін үш рет хаттама толтырылғандығы анықталды.


Қызылордада ішімдік ішкен әйел мектепте шу шығарған

ERNUR.KZ. Қызылордада екі баласын қараусыз қалдырған аәйел ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін, деп жазады Polisia.kz.

2021 жылдың 3 ақпаны күні Қызылорда қаласындағы білім беру ұйымдарының біріне 1979 жылы туған азаматша масаң күйде келіп, азаматтардың мазасын алған. Бұл факт бойынша аталған азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттама толтырылып, ол уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Мектеп әкімшілігі мен тәртіп сақшылары азаматшаның тұрғылықты мекен-жайын тексеру барысында жоғарыда көрсетілген азаматшаның кәмелетке толмаған екі баласының қараусыз, әрі қадағалаусыз қалғанын анықтады.

Осыған орай, әйелдің кәмелетке толмаған алты жастағы қызы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, бір жарым жастағы қызы көпбейінді балалар ауруханасына орналастырылды.

Тексеру барысында 42 жастағы азаматшаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін үш рет хаттама толтырылғандығы анықталды.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері аталған азаматшаны ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу мәселесін шешу үшін қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына құжаттар жинақтауда.