Қызылордада құтқарушылар аяғына айыр кіріп кеткен балаға көмектесті

0
287

2017 жылы туған ұл баланың аяғына айырдың жүзі кіріп кеткен.


Қызылордада құтқарушылар аяғына айыр кіріп кеткен балаға көмектесті

фото: ТЖМ

Қызылордада құтқарушылар аяғына айыр кіріп кеткен балаға көмектесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында болған.

"2017 жылы туған ұл баланың аяғына айырдың жүзі кіріп кеткен. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен қысқа мерзімде айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатты. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - делінген хабарламада.

ТЖМ күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін еске салды.